Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына 6 мемлекет алғаш рет қатысады

0
1 268

Олар: Сингапур (шорт-трек), Нигерия (бобслей және скелетон), Эквадор (шаңғы жарысы), Малайзия (мәнерлеп сырғанау), Косова мен Эритрея (тау шаңғысы).


Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына 6 мемлекет алғаш рет қатысады

суретте: Нигерия құрамасы (Sport.ru сайтынан)

Оңтүстік Кореяның Пхченчхан қаласында өтетін қысқы олимпиада ойындарында қар көрмеген, климаты ыстық болған елдердің өкілдері алғаш рет қатысқалы тұр. Жалпы, бұл жолғы Ойындарда 6 құрама команда дебьютын бастайды. Олар: Сингапур (шорт-трек), Нигерия (бобслей және скелетон), Эквадор (шаңғы жарысы), Малайзия (мәнерлеп сырғанау), Косова мен Эритрея (тау шаңғысы) спортшылары Оңтүстік Кореяға өз елдерінің намысын қорғауға келеді.

Биыл Пхенчхандағы Олимпиада ойындарына 92 елдің спортшылары қатысады. Қысқы олимпиада ойындары 9 - 25 ақпан күндері өтеді.