Пхенчхандағы Олимпиада Сочидегіден төрт есеге арзан түскен

0
1 118

ХХІІІ қысқы Олимпиада мен ХІІ Паралимпиаданы ұйымдастыру бастапқы жобада 11,8 млрд АҚШ долларын құраған болса, қазірдің өзінде Ойындарға 12,6 млрд АҚШ доллары жұмсалыпты.


Пхенчхандағы Олимпиада Сочидегіден төрт есеге арзан түскен

ХХІІІ қысқы Олимпиада мен ХІІ Паралимпиаданы ұйымдастыру бастапқы жобада 11,8 млрд АҚШ долларын құраған болса, осы күнге дейін қысқы Ойындарға 12,6 млрд АҚШ доллары жұмсалыпты.

Спортттық нысандардың құрылысына, оның ішінде айтулы шараның ашылуы мен жабылу салтанаты өтетін 35000 орындық стадионы бар PyeongChang Olympic Plaza бар, 2,5 млрд АҚШ доллары кеткен.

суретте PyeongChang Olympic Plazа

Сайыс өтетін 13 стадионның жетеуі ғана жаңа. Қалғаны қайта жабдықталып, жаңғыртылған. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар кей нысанның қасында қонақ үй салудан бас тарту арқылы да біраз қаржы үнемдепті.

Әзірге Олимпиада ойындарының тарихында ең көп қаржы кеткен Сочидегі Ойындар. Оған 51 млрд АҚШ доллары жұмсалған, деп жазады Ресейдің Ведомости басылымы.