Португалия және Нидерланды Еуропа чемпионатынан шығып қалды

0
397

Турнирдің ширек финалында Дания мен Чехия, Бельгия мен Италия құрамалары кездеседі.


Португалия және Нидерланды Еуропа чемпионатынан шығып қалды

ERNUR.KZ. Чехия мен Бельгия құрамалары футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына шыға алмады, деп жазады Vesti.kz.

Түндегі ойында Чехиялықтар Нидерландыны жеңіп, сенсация жасады. Будапешттегі ойын Чехия пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.

68-минутта Томаш Голеш есеп ашқан, 80-минутта Патрик Шик есепті еселеді. Екінші таймның басында Нидерланды құрамасы 10 ойыншымен қалды - Маттейс де Лигт қолмен ойнағаны үшін алаңнан қуылды.

Ал кейінгі Еуропа чемпионында топ жарған Португалия құрамасы бұл жолғы турнирді 1/8 финалдан аяқтады. Роналду мен оның әріптестері Бельгиядан жеңілді.

Севильяда өткен ойын 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды 42-минутта Торган Азар соқты.

Осылайша, бельгиялықтар қазіргі Еуропа чемпионынан басым түсті.

Турнирдің ширек финалында Дания мен Чехия, Бельгия мен Италия құрамалары кездеседі.