Португалиялық футболшы “Қайратпен” келісімшарт жасауға келді

0
2 490

Соңғы үш маусымды жартылай қорғаушы Ресей біріншілігінде “Оренбург” пен “Крылья Советов” сапында өткізді.


Португалиялық футболшы “Қайратпен” келісімшарт жасауға келді

ERNUR.KZ. Португалиялық футболшы Рикарду Алвеш Алматы қаласына келді, деп жазады kaz.vesti.kz.

Инсайдердің ақпараты бойынша, футболшы медициналық тексерістен кейін “Қайратпен” келісімшарт жасауы керек.

Еске салайық, Алвештің “Қайрат” сапына ауысатыны шілде айының басында белгілі болды. Негізі ол алматылық клубқа қыста ауысыуы мүмкін еді. Бірақ ол кезде команданың бас бапкері болған Алексей Шпилевский бұл трансферге қарсы болды.

Соңғы үш маусымды жартылай қорғаушы Ресей біріншілігінде “Оренбург” пен “Крылья Советов” сапында өткізді. Ол “Қайраттың” жазғы трансфердегі төртінші жаңа футболшысы болады. Бұған дейін командаға камерундық қорғаушы Маки Баньяк, Ян Вороговский және Жоао Пауло қосылған еді.