Президент Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады

0
482

Паралимпиада чемпиондары «Барыс», «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды.


Президент Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін "Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті" ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Давид Мамиевич Дегтярев ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен наградталсын", - делінген жарлық мәтінінде.

Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Әнуар Сариев "Парасат" орденін кеудесіне тақты.

Нұрдәулет Жұмағали "Құрмет" орденімен марапатталды.

Еске сала кетейік, қазақстандық Давид Дегтярев (пауэрлифтинг) 54 келіге дейінгі салмақта алтын алды, ол 174 килограмдық зілтемірді көтерді.

Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтярев

Дзюдошылар Зарина Байбатина, Әнуар Сариев және Теміржан Дәулет күміс медаль иеленді.

Жүзуші Нұрдәулет Жұмағали Қазақстан қоржынына "қола" салды.

Жалпы ел құрамасы Паралимпиада ойындарында бес медаль жеңіп алды.