ПСЖ командасы Мбаппенің орнын басатын шабуылшыны тапты

0
874

Килиан Мбаппе жуырда мадридтік "Реал" сапына ауысуы мүмкін.


ПСЖ командасы Мбаппенің орнын басатын шабуылшыны тапты

ERNUR.KZ. Франциялық ПСЖ командасының басшылары Киллиан Мбаппенің орнын басатын шабуылшы тапты. Бұл туралы Marca басылымы жазды, деп жазады kaz.vesti.kz.

Килиан Мбаппе жуырда мадридтік "Реал" сапына ауысуы мүмкін. Сондықтанда париждік команда оның орнын басатын футболшы іздеуде.

Ал дереккөздің ақпараты бойынша, ПСЖ басшылары назарын "Бенфиканың" шабуылшысы Дарвин Нуньеске аударған. Уругвайлық шабуылшыны лиссабондық команда 150 миллион еуроның көлемінде сатуға дайын. Бұл шабуылшыға ПСЖ командасынан бөлек "Барселона", "Атлетико" және "Манчестер Юнайтед" командалары да көз тігіп отыр.

Биыл Дарвин Нуньес "Бенфика" сапында барлық турнирде кездесуге қатысып, 34 гол соқты. Transfermarkt порталы болса 22 жастағы шабуылшыны 40 миллион еуроға бағалап отыр.