"ПСЖ" Мбаппені "Реалға" 250 миллион еуроға жіберуге келісті

0
441

Енді "Реал Мадридтің" ресми мәлімдемесін күту қалды. Мбаппе бұған дейін "ПСЖ-ға" келісімшартты 2025 жылға дейін ұзартпайтынын ескерткен.


ERNUR.KZ. Француз шабуылшысы Килиан Мбаппе жақын арада испандық "Реал Мадридтің" жейдесін киетін болды. Корольдік клуб 24 жастағы шабуылшыны 250 миллион еуроға ауыстыруға келісті, деп жазады Zakon.kz.

PSG Community таратқан мәлімет бойынша, франциялық клубтың иесі Тамим бин Хамад әл Тани "Реал Мадридтің" бас бапкері Флорентино Переспен келіссөз жүргізгеннен кейін Мбаппені сатуға келісті. Трансфердің жалпы сомасы 250 миллион еуро деп бағаланды, оның 200 миллионы бірден "париждіктердің" есепшотына, ал қалған 50-і бонус түрінде аударылады.


Енді "Реал Мадридтің" ресми мәлімдемесін күту қалды. Мбаппе бұған дейін "ПСЖ-ға" келісімшартты 2025 жылға дейін ұзартпайтынын ескерткен.

Мбаппе өткен маусымда 34 ойынға қатысып, 29 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Ал 2022 жылы Қатарда өткен футболдан әлем чемпионатында 8 голмен үздік сұрмерген атанса, оның командасы әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.