ПСЖ Мбаппенің орнын басатын ойыншы тапты

0
523

Мбаппе жазғы трансферлік кезеңде командадан кетуі мүмкін.


ПСЖ Мбаппенің орнын басатын ойыншы тапты

ERNUR.KZ. "Пари Сен-Жермен" басшылығы Килиан Мбаппені алмастыратын ойыншы тапқан сияқты, деп жазады Vesti.kz.

Мбаппе жазғы трансферлік кезеңде командадан кетуі мүмкін.

Sports Zone мәліметінше, париждіктер "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Маркус Рашфордқа көз тігіп отыр екен. Бастапқыда парижік клуб басшылығы Рафаэль Леауды қарастырған еді, алайда ол "Миланмен" келісімшартын ұзартты.

Рашфордтің өзі "Юнайтедпен" келісімшартын ұзартқысы келеді, дегенмен ПСЖ қызығушылығы көңіліне жағып қалған көрінеді. Ол былтыр париждік клубқа өтуге тырысқан да екен.

Өткен маусымда 25 жастағы Рашфорд "МЮ" үшін барлық турнирде 56 матчте қатысып, 30 гол салып, 11 ассист жасапты.