ПСЖ Неймарға қатысты шешім шығарды

0
595

Әзірге аптасына 580 мың еуро айлық алатын Неймардың қай командаға ауысатыны белгісіз.


ПСЖ Неймарға қатысты шешім шығарды

ERNUR.KZ. ПСЖ клубы жазғы трансферлік маусымда Неймарды сатылымға қояды, деп жазады vesti.kz.

Аталмыш трансферге команданың басшылары тікелей мұрындық болып отыр. Бразилия құрамасының жарық жұлдызы париждік клубтан кетуіне Киллиан Мбаппенің жаңа келісімшартына байланысты болуы мүмкін.

Әзірге аптасына 580 мың еуро айлық алатын Неймардың қай командаға ауысатыны белгісіз.

Биылғы маусымда Неймар ішкі чемпионатта 28 матч өткізіп, 13 гол соқты. Сонымен қатар, сегіз рет нәтижелі пас берді. Жалпы 2017 жылдан бері ПСЖ сапында 92 ойында 69 гол салды.