"Реал" емес: Әлемнің ең қымбат футбол клубы анықталды

0
1 063

Алғашқы ондықта алты бірдей ағылшындық команда жайғасқан.


ERNUR.KZ. Forbes журналы әлемдегі ең қымбат футбол клубтарын тізбектеп шықты, деп жазады Vesti.kz.

Бұл тізімде "Барселона" командасы бірінші орында. Каталониялық клубтың жалпы құны 4,76 миллиард долларға бағаланды. Екінші орында "Реал" (4,75 миллиард доллар) командасы тұр. Үздік үштікті мюнхэндік "Бавария" (4,21) түйіндеді.

Алғашқы ондықта алты бірдей ағылшындық команда жайғасқан. Ал "Манчестер Сити" мен ПСЖ тізімдегі үздік бестікке кірмеді.

Forbes нұсқасы бойынша әлемнің ең қымбат футбол клубтары:

1. "Барселона" (Испания) - 4,76 миллиард доллар.

2. "Реал" (Испания) - 4,7.
3. "Бавария" (Германия) - 4,21.
4. "Манчестер Юнайтед" (Англия) - 4,2.
5. "Ливерпуль" (Англия) - 4,1.
6. "Манчестер Сити" (Англия) - 4.
7. "Челси" (Англия) - 3,2.
8. "Арсенал" (Англия) - 2,8.
9. ПСЖ (Франция) - 2,5.
10. "Тоттенхэм" (Англия) - 2,3.