"Реал" Киллиан Мбаппенің трансферіне қатысты нақты шешім шығарды

0
656

Танымал шабуылшы осыған дейін талай мәрте "Реалға" ауысқысы келетіні туралы айтқан болатын.


ERNUR.KZ. Франциялық шабуылшы Киллиан Мбаппе "Реал" командасына ауысатын мүмкіндікті жіберіп алды, деп жазады vesti.kz.

Танымал шабуылшы осыған дейін талай мәрте "Реалға" ауысқысы келетіні туралы айтқан болатын. Бірақ биыл жазда ПСЖ командасымен келісімшартын ұзартты.

"Реал" енді ешқашан Мбаппеге ұсыныс жасамайды. Ол ешқашан ақ жейдеде ойнамайды. Оның үйінің алдынан әлем футболында ең мықты пойыз жүріп өтті. Бірақ, ол мінбеді. Оның үстіне шабуылшы өзі үшін арнайы тоқтаған пойызға мінетінін айтып, мадридтік команданың шамына тиді.

Мбаппе өз мүмкіндігін жіберіп алды. Енді мұндай мүмкіндік болмайды. Оны миллиандаған жанкүйер асыға күткен еді. Енді ол "Бернабеудің" сүйіктісі болмайды. Әлемдегі ең танымал командада ойнамайды. Еуропа чемпионы бұл есікті тарс жауып, сатып кетті.

Қазіргі уақытта "Реал" басқа шабуылшыларды қарастырып жатыр. Мбаппе бұл команданы алдап кетті. Ол 96 миллион жалақы мен 100 миллион еуролық үстамақы үшін "Реалды" сатып кетті. Ал мадридтік командамен ойнауға болмайды", - деп жазады дереккөз.