Ресейлік футбол маманы «Астана» мен «Қайратты» Ресей чемпионатына шақыру туралы ұсыныс жасады

0
1 064

Қазіргі таңда Ресей чемпионатында 16 команда ойнайды.


Ресейлік футбол маманы «Астана» мен «Қайратты» Ресей чемпионатына шақыру туралы ұсыныс жасады

ERNUR.KZ. Ресей футбол одағындағы қаржы комитетінің басшысы Евгений Гинер Ресей чемпионатына басқа елдерден клубтар шақыру мәселесін көтерді, деп жазады Aikyn.kz.

«Біз өте аз матч өткіземіз. Бізде белорусиялық, қазақ және армян клубтарын шақыру мүмкіндігі болды. Мәселен, қазір шотландиялық немесе Уэльс клубтары ағылшын премьер-лигаларында ойнап жүр ғой. Болашақта бізде де солай болуы мүмкін. Мен кеңестік чемпионатты қайта оралту туралы ойламаймын. Тек араласып, деңгейді көтеру керек. Қазір ФНЛ-дан екі клуб алып келетін болсақ, онда бұл жағдай түсініксіз болады. Армениялық «Арарат», қазақстандық «Қайрат», «Астана» сияқты клубтар бар. Олардың қожайыны бар, бюджет деңгейі де сай келеді» дейді Гинер.

Қазіргі таңда Ресей чемпионатында 16 команда ойнайды. Ал деңгейі жағынан екінші орындағы Футбол Ұлттық Лигасында 20 команда өнер көрсетеді.