Римдегі турнир: Дмитрий Баландин алғашқы төрттік қатарынан көрінді

0
465

200 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин төртінші орын иеленді.


Римдегі турнир: Дмитрий Баландин алғашқы төрттік қатарынан көрінді

ERNUR.KZ. Италияның Рим қаласында жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирі мәресіне жетті, деп жазады olympic.kz.

Үшінші жарыс күніндегі қазақстандық спортшылардың нәтижесі:

200 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин төртінші орын иеленді. Оның нәтижесі – 02:10.6.

Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден 13-ші орын алды. Мусиннің көрсеткіші – 24.02.

Аталған турнирде Әділбек Мусин Қазақстан рекордын орнатты. Ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден өз рекордына түзету енгізді.