Роналду бір матчта үш рекорд орнатты

0
748

Шабуылшы құрамадағы гол саны бойынша әлемдік рекордын жаңартты.


Роналду бір матчта үш рекорд орнатты

ERNUR.KZ. Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду халықаралық матчтарда гол салу саны бойынша рекорд орнатты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы шабуылшы Twitter-дегі «Манчестер Юнайтед» парақшасында жариялады.

Форвард 3:0 есебімен португалдықтар жеңген Катар командасына қарсы жолдастық матчта ерекше көзге түсті. Бұл футболшының гол салған 46-шы құрамасы.

Сондай-ақ, шабуылшы құрамадағы гол саны бойынша өзінің әлемдік рекордын жаңартты. Енді оның активінде 181 матчтан 112 гол бар.

Роналду Португалия құрамасы құрамында 2016 жылы Еуропа чемпионы болды, Еуро-2004-те күміс және 2012 жылы құрлықтық біріншілікте қола алды. Сондай-ақ, 2019 жылы УЕФА Ұлттар лигасында жеңімпаз атанды.

Айта кетсек, Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» футбол клубында 2003-2009 жылдары өнер көрсетті. Сол жылдар аралығында ол 292 матч өткізіп, 118 гол соқты. Роналду мүше болған сәтте МЮ құрамасы 3 рет (2007, 2008, 2009) Англия чемпионатында жеңіске жетті. Одан бөлек, 2008 аталған клуб Лигалық чемпионаттың жеңімпазы атанды.