Роналду Рамазан айында 1,5 млн долларды садақаға берді

0
1 468

Бұл футболшының палестиналықтарды қолдау үшін жасалған тағы бір қайырымдылығы


Роналду Рамазан айында 1,5 млн долларды садақаға берді

ERNUR.KZ. "Ювентус" итальяндық клубы мен Португалия құрамасының сапында өнер көрсететін португал футболшысы Криштиану Роналду Рамазан айында Палестинаға 1,5 млн доллар қайырымдылық көрсетті, деп жазады elitar.kz.

Бұл - палестиналықтарды қолдау үшін жасалған футболшының алғашқы қайырымдылығы емес: 2012 жылы Роналдудың "Алтын бутсы" сатылымға шығарылды. Түскен 1,5 млн доллар Палестина балаларына берілді.

Ал 2014 жылы португалдық футболшы Айт мейрамында қайырымдылыққа 2 миллион доллар жұмсаған.