Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

0
625

Отандасымыз 1/16 айналымда франциялық Янник Борельді (15-14), даниялық Конрад Сейбек Конгстадті (14-13) ұтқан. Оған дейін аустриялық Джозеф Марингерден басым түсіп, үздік 32 спортшының қатарына қосылды.


Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

ERNUR.KZ. Италияның Милан қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп жазады zakon.kz.

Ұлттық құрама көшбасшысы Руслан Кұрбанов ширек финалда италиялық Валерио Куомоны 15-12 есебімен ұтып, қазақстандықтардан тұңғыш болып финалдық кезеңге жолдама алды. Алайда жартылай финалда мажарстандық Мате Кохпен болған тартысты айқаста қарсыласқа 10-15 есебімен жол жіберіп, қола жүлдегер атанды.

Екінші жартылай финалда Олимпиада және әлем чемпионы франциялық Ромен Каннон италиялық Давиде ди Веролиден жеңіліп қалды.

Айта кетейік, отандасымыз 1/16 айналымда франциялық Янник Борельді (15-14), даниялық Конрад Сейбек Конгстадті (14-13) ұтқан. Оған дейін аустриялық Джозеф Марингерден басым түсіп, үздік 32 спортшының қатарына қосылды.