Рыбакина Қытайдағы турнирде жеңіске жетті

0
692

Қытай төріндегі теннис турнирінде тағы бір қазақстандық спортшы келесі кезеңге жолдама алды


Рыбакина Қытайдағы турнирде жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Елена Рыбакина жарыс жолын жалғастырады. Жерлесіміз екінші айналымда Германия спортшысы Татьяна Мариямен кездесті, деп жазады sputnik.kz.

Бастапқыда 2 ұпаймен суырылып алға шыққан Елена екінші кезеңде де қарсыласына ес жинауға еш мүмкіндік бермеді.
Екі сетте 7:5 және 6:0 есебі тіркелді. Ел үміті – Рыбакина енді өзіненен 8 жас кіші Ресейлік Мирра Андреевамен шеберлік байқасады. Қытай төріндегі теннис турнирінде тағы бір қазақстандық спортшы келесі кезеңге жолдама алды. Михаил Кукушкин екінші айналымда Австралия өкілі Люк Савиддпен ойын өткізген еді.
1 сағат 35 минутқа созылған тартыс 2 сетте де 6:3 есебімен жерлесіміздің жеңісімен түйінделді. Ал Юлия Путинцева, өкінішке қарай, сенімді ақтай алмады. Ол Франция теннисшісі Каролина Гарсияға есе жіберді.