Сабина Алтынбекова арабтардың "Әл-Васл" командасына ауысты

0
1 154

Бұл клуб Дубай қаласының намысын қорғайды.


Сабина Алтынбекова арабтардың

ERNUR.KZ. Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Біріккен Араб Әмірлігінің "Аль-Васл" клубының мүшесі атанды, деп жазады vesti.kz.

Бұл клуб Дубай қаласының намысын қорғайды. Мультиспорттық клуб болғандықтан бірнеше спорт түрлері бар. 2019 жылы "Әл-Васл" волейболдан Арабтардың чемпиондар лигасын жеңіп алған.


Сабина өзінің Instagram парақшасына "2020 жылды жаңа белестермен" деп жазып, жаңа командасының жейдесімен түскен фотосын жариялады.

Айта кетейік, 23 жастағы Алтынбекова шетелге осымен екінші рет кетіп отыр. Бұған дейін 2015 жылы Жапонияның CSS Sunbeam командасында ойнаған. Ал елімізде "Алматы" намысын қорғаған.