Сабина Алтынбекованың қай командада ойнайтыны белігілі болды

0
2 049

Ол маусым айынан бері командасыз жүрді.


Сабина Алтынбекованың қай командада ойнайтыны белігілі болды

ERNUR.KZ. Қазақстандық волейболшы қыз Сабина Алтынбекова карьерасын қайда жалғастыратыны белгілі болды. Ол БАӘ біріншілігінде өнер көрсететін "Аль-Васл" командасына қайта қосылуы мүмкін, деп жазады vesti.kz.

Қазір волейболшы қыз дубайлық команданың қатарына қайта қосылуы үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Айта кетейік, Алтынбекова бұл команда сапында 2019 жылдың желтоқсаны мен 2020 жылдың маусымы арасында ойнаған. Содан соң ол италиялық "Казерта" командасына ауысты. Бірақ қаржылық қиындықтарға байланысты бұл команда сапында бірде-бір ойынға қатыса алмады. Сосын пандемия басталып, ол командасыз қалып кетті.

Еске салайық, желтоқсан айында Алтынбекова Саят Салманұлына тұрмысқа шықты. Олар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тамақ беріп, тойларын атап өтті. Волейболшы тұрмысқа шыққанына қарамастан сол кезде карьерасын ары қарай жалғастыратынын мәлімдеген болатын.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет