Садриддин Ахмедов Хосе Вильялобосаны нокаутқа жіберді

0
857

Бұл Садриддиннің 11-ші жеңісі.


Садриддин Ахмедов Хосе Вильялобосаны нокаутқа жіберді

ERNUR.KZ. Канаданың Монреаль қаласында бірінші орта салмақта WBC нұсқасы бойынша «жастар» арасындағы әлем чемпионы Садриддин Ахмедовтың қатысуымен бокс кеші өтті, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы Аргентина елінің өкілі Хосе Антонио Вильялобоспен сынға түсті. Жекпе-жектің жетінші раундында жерлесіміз қарсыласын нокаутқа жіберді.
Айта кетейік, бұл Садриддиннің 11-ші жеңісі. Вильялобос 12 рет жеңіске жетіп, алтыншы жеңілісіне ұшырады.