Сайран Нұрданбектің UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінің видеосы жарияланды

0
672

Қазір Нұрданбектің қоржынында 19 жеңіс және 7 жеңіліс бар.


Сайран Нұрданбектің UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінің видеосы жарияланды

ERNUR.KZ. Қытайлық қазақ файтер Сайран Нұрданбек (19-7) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC Vegas 27 турниріндегі дебютінде жеңіліс тапты. Ол аустралиялық Джошуа Кулибаодан (9-1-1) жеңілді, деп жазады Tengrinews.kz.

Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрешілердің шешімімен аяқталды. Олар жеңісті бірауыздан аустралиялық спортшыға берді.

Бұл Нұрданбектің UFC-дегі алғашқы кездесуі. Мұның алдында ол қатарынан екі рет жеңген. Қазір оның қоржынында 19 жеңіс және 7 жеңіліс бар. Ал Кулибаоға келер болсақ, бұл аустралиялықтың промоушендегі үш кездесудегі алғашқы жеңісі.