Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатында қола медаль алды

0
1 149

Сәкен Бибосынов әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр.


Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатында қола медаль алды

ERNUR.KZ. Бокстан Екатеринбургте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды ktk.kz.

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Екатеринбургте өтіп жатқан 2019 жылғы әлем чемпионатының финалына шыға алмады. 20 қыркүйек турнирдің жартылай финалы өтіп жатыр.

52 келіде жұдырықтасқан Сәкен Бибосынов қола медаль иегері атанды. Сәкен Бибосынов жартылай финалда үндістандық Амит Пангалмен кездескен болатын. Амит биылғы Азия чемпионы әрі 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы. Қазақстандық боксшы тәжірибелі қарсыласынан қаймыққан жоқ.

Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті үндістандық боксшыға берді. Ал Сәкен Бибосынов өзі алғаш рет қатысып отырған әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.