Сәкен Бибосынов халықаралық жарыстың финалына өтті

0
755

Отандасымыз төрешілер шешімімен жеңіске жетті.


Сәкен Бибосынов халықаралық жарыстың финалына өтті

ERNUR.KZ. Сәкен Бибосынов Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогының" финалына жолдама алды, деп жазады stan.kz.

51 келіге дейінгі салмақта Сәкен Бибосынов пен Таиланд спортшысы Танарат Саенгфет жартылай финалда жұдырықтасты. Таиланд спортшысы 2021 жылы әлем чемпионатында қола медаль жеңсе, ал Бибосынов чемпион атанған.

Отандасымыз төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Сондай-ақ екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.

Айта кетейік, жартылай финалда 57 келі салмақ дәрежесінде Серік Теміржанов пен Махмұд Сабырхан финалға жолдама алу үшін жұдырықтасады.