Салах гол соқты. "Ливерпуль" жеңіске жетті

0
1 305

Екінші таймда ағылшындар тағы қатарынан 3 гол соқты. Салахтың пастарынан соң Мане мен Фирмино есепті 4:0ге жеткізді.


Салах гол соқты.

ERNUR.KZ. Еуропа чемпиондар лигасының жартылай финал ойындары басталды. Англиядағы "Энфильд Роуд" стадионында "Ливерпуль" Италияның "Рома" командасын қабылдады. Матчтың алғашқы минуттарынан шабуыл ұйымдастырған алаң қожайындары 36 - минутта есепті ашты. Мысырлық Мұхаммет Салах тамаша гол авторы атанды. Африкалық футболшы үзіліс алдында дубльге қол жеткізіп, өзінің бұрынғы командасының қақпасына екінші голды соқты.

Екінші таймда ағылшындар тағы қатарынан 3 гол соқты. Салахтың пастарынан соң Мане мен Фирмино есепті 4:0ге жеткізді. 69 - минутта бұрыштама добынан соң Фирмино Салах секілді дубль авторы атанды. Есеп - 5:0. Осы нәтижеден соң "Ливерпуль" футболшылары еркін тыныс алды. Бұл Италия командасының пайдасына қызмет жасады. 81 - минутта Эдин Жеко бір голдың қарымтасын қайтарды. Араға 4 минут салып, пенальтиден Перотти есепті 5:2 ге жеткізді.

Қарымта матчы бір аптадан соң Римдегі "Олимпико" стадионында өтеді. "Рома" финалға жолдама алу үшін 3 голдың айырмашылығымен жеңу керек. Олар екі апта алдын "Барселона"ның қақпасына 3 гол соғып, сенсация орнатқан болатын. Бұл жолы матчтың сценарисі қандай болады? Бір аптадан соң жауап аламыз. Екінші жартылай финалда "Бавария" мен "Реал" өзара мықтыны анықтайды.