Самбо күресінен Түркістан облысы чемпионаты өз мәресіне жетті

0
1 697

Чемпионат Шардара қаласында жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында болып өтті.


Самбо күресінен Түркістан облысы чемпионаты өз мәресіне жетті

Мамыр айының 22-24 күндері аралығында, Шардара қаласында Самбо күресінен жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Түркістан облысы чемпионаты болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облысымыздың түкпір-түкпірінен Самбо күресінің қас шебер палуандары жиналған сайыста, кіл мықтылар суырылып шықты. Боз кілемнің шаңын шығарып, сайыстың қызықты өтуіне себепші болған жерлестеріміз 3 алтын, 2 күміс, 2 қола алқаны қанжығаларына байлады.

Атап айтар болсақ 46 келіде бақ сынаған Төлеген Иманғали өз салмағында қарсылас шақ келтірмей Алтыннан алқа тағынса, 66 келіде Нұрманов Қабылбек тұғырлы орынды абыроймен жеңіп алды.

Қыздар арасында +70 келіде бақ сынаған жерлесіміз, қарсыластарын алып та жыққан, шалып та жыққан Аxмедиева Мариям алтыннан алқа тағынып, 1 орынға қол жеткізді. 50 келіде Амангелді Сәуірбай, 66 келіде Әкімбай Жеңісбек сынды жерлестеріміз күмістен алқа тағынса, 78 келіде бақ сынаған Сайлаубек Рамазан және 84 келіде күш сынасқан Амантық Ермаxан қола алқаны қанағат тұтты.

Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ де жаттығатын жерлестерімізді жеңістерімен құттықтай келе, алдағы уақытта бұданда биік белестерді бағындыра берулерін тілейміз!!!

Дереккөз:OKo Sport Mektebi Shardara