Сауль Альварес Сергей Ковалевті нокаутқа түсірді

0
792

Жекпе-жек 11-ші раундта мерзімінен бұрын аяқталды.


Сауль Альварес Сергей Ковалевті нокаутқа түсірді

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласының MGM Grand аренасында жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін таласта ресейлік Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (52-1-2, 35 КО) жеңілді, деп жазады Tengrinews.kz.

Кештің басты кездесу 11-ші раундта мерзімінен бұрын аяқталып, мексикалық боксшы төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.

Ковалев пен Альварес қанша гонорар алатыны белгілі болды.

Альварес кәсіпқой шаршы алаңда 52 кездесуде (35 нокаут) жеңімпаз атанып, бір рет жеңілген, ал екі кездесуді тең аяқтаған. Ковалев 34 кездесуде (29 нокаут) жеңіске жетіп, үш рет жеңілген, сондай-ақ бір кездесуде тең түскен.