​Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Қытайда өтетін әлем біріншілігіне аттанды

0
966

Семсерлесуден Қазақстан Ұлттық құрамасы әлем чемпионатына қатысу үшін Қытайға аттанып кетті.


​Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Қытайда өтетін әлем біріншілігіне аттанды

Семсерлесуден Қазақстан Ұлттық құрамасы әлем чемпионатына қатысу үшін Қытайға аттанып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған біріншілік шілденің 19-27 аралығында Қытайдың Уси қаласында өтеді. Онда жалпы есебі 12 жүлделер жиынтығы сарапқа салынбақ. Бұл әлемдік сында қазақстандық нояндар да өнер көрсетеді.

ҚР ҰОК баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, аспан асты елінде ерлерден Руслан Курбанов, Дмитрий Алексанин, Эльмир Алимжанов, Валим Шарлаимов және Дмитрий Адайкин ел намысын қорғайтын болса, әйелдер арасында Тамара Почекутова, Айгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина және Татьяна Приходько сынға түседі.