Сенегал не үшін Әлем чемпионатынан тыс қалды?

0
894

30 маусымнан бастап 1/8 финал ойындары өтеді.


Сенегал не үшін Әлем чемпионатынан тыс қалды?

ERNUR.KZ. Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатының топтық кезеңі мәресіне жетті деп, хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Н» тобында 2 турда бірде бір ұпай ала алмаған Польша соңғы ойынында Жапонияға қарсы алаңға шығып, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ал, екінші матчта Сенегал футболшылары Колумбияға 0:1 есебімен жеңіліп мундиалдан тыс қалды. Африкалықтар негізінде топта екінші орында тұрған Жапония мен ұпай бойынша да топтар бойынша да тең нәтиже көрсеткен. Бірақ, Сенегал футболшылары азиялықтардан көп сары қағаз алғаны үшін турнирмен қош айтысты.

30 маусымнан бастап 1/8 финал ойындары өтеді. Онда Франция – Аргентина, Уругвай – Португалия, Испания – Ресей, Хорватия – Дания, Бразилия – Мексика, Бельгия – Жапония, Швеция – Швейцария, Колумбия – Англия құрама командалары кіл мықтыны анықтайтын болды.