Сенсация! Марокко тұңғыш рет футболдан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

0
512

Марокко құрамасы Испанияны жеңіп, өз тарихында алғаш рет мундиалдың ширек финалына жолдама алды.


Сенсация! Марокко тұңғыш рет футболдан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

ERNUR.KZ. 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатынының ширек финалының соңғы қатысушысы анықталды. Бұл жолдамаға Испания мен Марокко құрамалары таласты, деп жазады zakon.kz.

Марокко құрамасы Испанияны жеңіп, өз тарихында алғаш рет мундиалдың ширек финалына жолдама алды.

Испания мен Марокко арасындағы матч Қатардың ең әсем стадиондарының бірі - "Юдьюкейшн Ситиде" өтті.

Матчтың негізгі уақыты мен қосымша жарты сағат 0:0 есебімен аяқталды.

Пенальти бойынша Марокко командасы басым түсті - 3:0.

Марокко құрамасы ширек финалда Португалия - Швейцария матчының жеңімпазымен ойнайды.