Сенсациялық жеңіліс: "Бавария" ЧЛ-ден шығып қалды

0
740

1/4 финалдың Мюнхенде өткен қарымта ойын 1:1 есебімен аяқталды.


Сенсациялық жеңіліс:

ERNUR.KZ. Мюнхендік "Бавария" екі ойын қорытындысы бойынша испаниялық "Вильярреалдан" ұтылып, Чемпиондар лигасынан шығып қалды, деп жазады Vesti.kz.

1/4 финалдың Мюнхенде өткен қарымта ойын 1:1 есебімен аяқталды.

52-минутта алаң қожайындары сапынан Роберт Левандовски есеп ашты. 88-минутта испаниялық команданың жартылай қорғаушысы Саму Чуквуэзе есепті теңестірді.

Бірінші кездесу 1:0 есебімен "Вильярреал" пайдасын аяқталған еді.

Енді испаниялық клуб "Ливерпуль" - "Бенфика" (3:1) жұбының жеңіпазымен ойнайды.