Серік Сәпиев балуанмен болған төбелеске қатысты пікір білдірді

0
572

Серік Сәпиев ерегестің неден басталғанын айтты.


Серік Сәпиев балуанмен болған төбелеске қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Серік Сәпиев Алматыда өткен Naiza 49 аралас жекпе жек турнирінде балуан Зелимхан Мусихановпен болған жанжалға қатысты пікір білдірді, деп жазады baq.kz.

"Кез келген жекпе-жекте болатын жағдай. Мен солай деп есептеймін. Мұндай жағдай жекпе-жекте де, футбол да да болып тұрады. Бірақ ойыннан кейін дос болып қалуымыз керек. Мен рингте қарсыласымды аямаймын, бірақ жекпе-жектен соң біз доспыз", - деді Сәпиев.

Серік Сәпиев ерегестің неден басталғанын айтты.

"Ойын аяқталғаннан кейін мен қол алысуға бардым да оппонентіме күлімсіреп: «Ондай болып тұрады» дедім. Ол эмоциямен жауап берді. Менің артық ойым болған жоқ, бірақ маған негативпен жауап қайтарылды. Сондықтан мен де негативпен жауап берген соң жағдай осылай болды", - дейді Сәпиев.