Серік Сапиев Токио Олимпиадасына болжам жасады

0
109

"Рио Олимпиадасындағы жолдамадан кем түспмейміз деп ойлаймын" - дейді комитет төрағасы.


Серік Сапиев Токио Олимпиадасына болжам жасады

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Токио Олимпиадасына 100 лицензия жеңіп алуға қауқарымыз жететінін айтты, деп жазады baq.kz.

Рио Олимпиадасындағы жолдамадан кем түспмейміз деп ойлаймын. 2016 жылы 104 лицензияға қол жеткіздік. Токиоға да кемі 100 лицензия бұйырады деп ойлаймын. Келесі жылы бірнеше лицензиялық жарыстар өтеді. Басты үміт артатын спортшыларымыз Риода медаль алғандар болмақ. Мәселен, қазірдің өзінде Ольга Рыпакова мен Дмитрий Баландинде лицензия бар. Олардың көрсеткіштері жақсы екенін қазір түсініп отырмыз, - дейді комитет төрағасы.
Оның айтуынша, қазақстандықтар негізінен жекпе-жек шеберлерінен медаль күтсе болады.
Күрестен әлем чемпионатының қорытындысын жасадық. Сол біріншілікте медаль алғандардан да жүлде күтеміз. Бокстан лицензиялық әлем чемпионаты келесі жылы ақпанда өтеді. Нақты есімін ата десеңіздер, күрес түрлерінен Нұрислам Санаев пен Мейрамбек Айнағұлов қазір өз бабында. Спорттық құзға өрмелеуден Ришат Хайбуллин де жақсы нәтиже көрсетті, - деді Серік Сәпиев.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет