Шабуылшы Криштиану Роналдуды "өзімшіл" деп айыптады

0
621

Роналду АПЛ басталған басқа командаға ауысуыға ниетті екен.


Шабуылшы Криштиану Роналдуды

ERNUR.KZ. "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы шабуылшысы Луи Саа Криштиану Роналдудың басқа командаға ауысамын дегеніне қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.

Роналду АПЛ басталған басқа командаға ауысуыға ниетті екен. Ағылшын біріншілігі 5 тамыз күні басталады. Ал "МЮ" бірінші кездесуін 7 тамыз күні өз алаңында "Брайтонға" қарсы өткізеді.

"Мен Криштиану емеспін. Бірақ "Манчестер Юнайтедке" жанкүйер адам ретінде айтарым - ол тек өзін ғана ойлайды. Оны сынағым да келмейді. Өйткені, ол ұлы футболшы. Мен оның орнында да емеспін. Роналдуды ешкім сынай да алмайды. Себебі, ол өз карьерасын ойлайды. Дегенмен мұндай үлкен клубты бір Роналдудың ығына жығылуды сұрау дұрыс емес", - деп келтіреді Сааның сөзін Daily Express порталы.

Еске салайық, Роналду "МЮ" сапына өткен жылы оралды. Оның командамен келісімшарты 2023 жылғы маусымның соңында аяқталады.