Шахматтан Қазақстан қыздар құрамасы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

0
792

Қола медальді Франция құрамасы иеленді.


Шахматтан Қазақстан қыздар құрамасы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

ERNUR.KZ. Шахматтан Қазақстан қыздар құрамасы командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп жазады ҚазАқпарат.

Финалда қазақстандық шахматшылар Грузия құрамасына жол берді. Ақтық кезеңнің алғашқы матчында Қазақстан – 1,5-2,5, екінші матчында – 0,5-3,5 есебімен жеңіліп қалды.

Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбековалар өнер көрсетті.

Қола медальді Франция құрамасы иеленді. Олар үшінші орын үшін ойында АҚШ шахматшыларынан айласын асырды.