"Шахтердің" армениялық футболшысы командадан кетті

0
533

Аветисян қарағандылық клубқа осы жылдың ақпан айында қосылған болатын.


ERNUR.KZ. Армения құрамасының 26 жастағы бұрынғы жартылай қорғаушысы Петрос Аветисян "Шахтердан" кетті, деп жазады vesti.kz.

Аветисян қарағандылық клубқа осы жылдың ақпан айында қосылған болатын. Содан бері "кеншілер" сапында барлығы 9 кездесу өткізіп, 1 гол соқты.

Бұған дейін "Шахтер" 27 жастағы беларусь қорғаушысы Александр Позняк, 29 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Евгений Кобзарь және 24 жастағы грузиялық жартылай қорғаушы Темур Чогадземен келісімшартқа отырған еді.