Шанхайдағы халықаралық бокс турнирінде қазақстандық екі боксшы финалға шықты

0
997

Ағайынды жігіттер жеңіске бір табан жақындап, финалға шықты.


Шанхайдағы халықаралық бокс турнирінде қазақстандық екі боксшы финалға шықты

ERNUR.KZ. Шанхайда бокстан халықаралық турнир жалғасуда. Бірінші күннің нәтижесі бойынша, жарыстың финалына екі қазақстандық боксшы шықты, деп жазады Olympic.kz.

81 келі салмақ дәрежесі бойынша финалға Нұрбек Оралбай жолдама алды. Оның ағасы Айбек Оралбай да өз кезегінде 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске бір табан жақындап, финалға шықты.

Бүгін жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді. Қазақстандық боксшылардан Шалқар Айқынбай 49 келі, Нұрбол Қалжанов 56 келі, Саматәлі Төлтаев 60 келі және Талғат Шайкен 69 келі салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаңға шығып, финал үшін жұдырықтасатын болады.