​Шардара қоржыны тағы 14 алтынмен толықты

0
1 947

Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығы мерекесі аясында 14-17-желтоқсан күндері Шымкент қаласында жасөспірім спортшылар арасында Таеквондодан Шымкент қаласының ашық турнирі болып өтті. Турнирге Түркістан облысының барлық аудандарының спорт мектептерінен үміткер командалар қатысып, бақтарын сынасты.


​Шардара қоржыны тағы 14 алтынмен толықты

14 – 17-желтоқсан аралығында Таеквондо спортынан жасөспірімдер арасында Шымкент қаласының ашық біріншілігінде шардаралықтардың қоржыны тағы да 14 алтынмен толықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығы мерекесі аясында 14-17-желтоқсан күндері Шымкент қаласында жасөспірім спортшылар арасында Таеквондодан Шымкент қаласының ашық турнирі болып өтті. Турнирге Түркістан облысының барлық аудандарының спорт мектептерінен үміткер командалар қатысып, бақтарын сынасты.

Аталмыш жарысқа Түркістан облысының №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектенің спортшылары қатысып, Шардара қоржынына 14 алтын, 6 күміс, 7 қола медаль салды. Әр аймақтан жиналған кіл мықтылар жарысында , жерлестеріміз , өздерінің бабында екенін жарыс барысында дәлелдеді. Нақтырақ айтар болсақ, байрақты бәсекеде Шардаралық Глянко Артем, Куандык Дінмухамбет, Куандык Дінмухамбет, Гюлуман Карэн, Даниленко Снежана, Олейник Данила, Мамасадыков Эдуард, Кузеев Дамир, Худойбердиев Глеб, Суйіндік Зангар, Иманкулов Сергей, Куандык Нурислам, Диханбай Турар, Омирбай Шынгысалтыннан алқа тақса, Худайбердиев Глеб, Абдикадир Мухаммед, Советбай Ерасыл, Зиядулла Мустафа, Осер Галымжан, Лесбай Ердаулеттер қарсыластарына аз ғана басымдықпен есе жіберіп, күміске қол жеткізді.

Ал, қола медаль Даниленко Максим, Исмайл Бекасыл, Омирбай Шынгыс, Куандык Нурислам, Исмайл Бекасыл, Садиярова Юлия мен Абдуллаев Нурдаулетке бұйырды.