​Шардарада Тәуелсіздік күніне орай спорттық жарыс өтеді

0
1 889

16-желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған гір тасын көтеру спортынан және армрестлингтен сайы ұйымдастырылуда.


​Шардарада Тәуелсіздік күніне орай спорттық жарыс өтеді

Түркістан облысы, Шардара ауданында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай спорттық жарыстар өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 16-желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған гір тасын көтеру спортынан және армрестлингтен Шардара аудандық чемпионаты болып өтпек. 2018 жылды қорытындылайтын айтулы сайыста әлемдік ареналарда ел намысын қорғап, жоғары жетістіктерге жеткен жылдың үздік спортшылары марапатталмақ.

Шардара қаласының спорт кешенінде өтетін жарыста армрестлингтен ұлдар арасында 25, 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60, 70, 70+ келі салмақ дәрежелерінде, қыздар арасында 40, 50, 55, 60, 60+ келі салмақта бақ сынамақ.

Сонымен қатар, ересектер арасында 60, 70, 80, 80+ келі салмақтағы спортшылар күш сынасады. Ал, гір тасын көтеру спортынан 38, 43, 48, 53, 58, 58+ салмақ дәрежесінде спортшылар арасында мықтылар анықталатын болады.