Шавкат Рахмоновқа сыйға элиталы тұрғын үйден пәтер берілді

0
532

Жеңіліс көрмеген қазақстандық файтер ел аралап, фан-тур жасап жүр.


Шавкат Рахмоновқа сыйға элиталы тұрғын үйден пәтер берілді

ERNUR.KZ. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа (17-0) Ақтаудан үй сыйлады, деп жазады vesti.kz.

Жеңіліс көрмеген қазақстандық файтер ел аралап, фан-тур жасап жүр. Ал Ақтауға барған сапарында оған екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Оның салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер сыйға алатыны былтырғы шілдеде Ақтауға Naiza мен Eagle FC бірлескен турниріне барғанда белгілі болған.

Сонымен қатар, Рахмоновқа Ақтауда кортеж ұйымдастырылып, сыйға жылқы тарту етілді. Айта кетейік, Шавкатқа бұған дейін бірнеше рет ат мінгізген

.

Еске салайық, наурызда Рахмонов UFC 285 турнирінің үшінші раундында америкалық Джефф Нилді жеңген еді.