ШҚО волейболшылары құрлықаралық турнирде бақ сынайды

0
1 425

Қазақстан С тобына түсті, онда оның қарсыластары АҚШ, Аргентина және Болгария болады.


ШҚО волейболшылары құрлықаралық турнирде бақ сынайды

ERNUR.KZ. Волейбол бойынша Қазақстанның әйелдер ұлттық құрамасы құрлықаралық олимпиадалық біліктілік турниріне қатысады.

Құрама сапында Шығыс Қазақстанның "Алтай" және "Алтай-2"волейбол клубтарының жеті ойыншысы бар.

Турнирге қатысуға халықаралық волейбол федерациясының рейтингі бойынша 24 үздік ұлттық құрама жіберілді. Командалар алты топқа бөлінді. Жарыс бір уақытта түрлі елдерде өтеді. Қазақстандық волейболшылар Луизиана штатының Шривпорт-Боссье округінің алаңында өнер көрсетеді.

Қазақстан С тобына түсті, онда оның қарсыластары АҚШ, Аргентина және Болгария болады. 3 тамыз біздің волейболшылар үшін Турнир алаң қожайындарымен кездесуден басталады, келесі күні олар аргентиналық спортшылармен бір алаңда кездеседі. Ал 5 тамызда Қазақстан құрамасы Болгария құрамасына қарсы ойын өткізеді.

Ұлттық құраманың бас бапкері – Нежат Санджак түрік маманы, Халықаралық волейбол федерациясының нұсқаушысы. Оған Дмитрий Завгородний мен Владимир Аниконов көмектеседі.