"Шүменов Қанат Исламның промоутері болды" деген ақпарат жалған

0
1 322

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның командасы Бейбіт Шүменовпен ынтымақтастық орнату туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Sputnik.


фото: prosports.kz

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның командасы Бейбіт Шүменовпен ынтымақтастық орнату туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Sputnik.
"Бейбіт Шүменов Қанат Исламның промоутері болды деген ақпарат жалған. Боксрек сайтына солай жазылып кетіпті. Хабарластық. 1-2 күнде өшіреді", — деп жазды "Қазақтың" командасы Instagram-дағы парақшасында.

Осыған дейін ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) енді отандасы Қанат Исламды (25-0, 20 КО) жекпе-жектерге өзі дайындамақшы, - деп жазған еді prosports.kz.