Швецияда арқанжолмен жүруден әлемдік рекорд жаңартылды

0
431

Хайлинг – арқанмен жүрудің ең қауіпті түрі.


Швецияда арқанжолмен жүруден әлемдік рекорд жаңартылды

ERNUR.KZ. Швецияда жаңа әлемдік рекорд орнады. 600 метр биіктікте арқанмен жүрушілер 2 км 130 метр еркін созылған арқан арқылы жүріп өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Хайлинг – арқанмен жүрудің ең қауіпті түрі, арқан түзу сызықтан тек арқанның салмағы бойынша ғана емес, сонымен қатар шетіне де ауытқиды.

Бұл – командалық спорт. Қашықтықты 4 адам жүріп өтті. Олар: Квирин Хертерих, Лукас Ирмлер, Рубен Лангер және Фреди Кюне. Команданың барлық мүшесі, тіпті арқан тартумен айналысқандар да әлемдік рекордқа ие болды.