Шымбергеновтің Ханчжоудағы жекпе-жегі сенсациямен бітті

0
765

Севон Окадзава 2021 жылғы ӘЧ жеңімпазы және 2019 жылғы АЧ-нің күміс жүлдегері.


Шымбергеновтің Ханчжоудағы жекпе-жегі сенсациямен бітті

ERNUR.KZ. Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов Ханчжоудағы Азия ойындарында жартылай финалдық айқасын өткізді, деп жазады vesti.kz.

71 келі салмақтағы 1/2 финалда ол жапониялық Севон Окадзавамен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойында жапониялық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен (2:3) жеңіске жетті.

Осылайша, финалға өткен Окадзава Қытай Тайбэйінің боксшысы Кан Чиа Вэймен алтынды сарапқа салады. Ал Асыланбек қола жүлдегер атанды.

Севон Окадзава 2021 жылғы ӘЧ жеңімпазы және 2019 жылғы АЧ-нің күміс жүлдегері.