Shymkent Chellenger турнирі: Янник Ханфманн - чемпион!

0
1 100

Шымкентте бір жеті жалғасқан Shymkent Chellenger турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Shymkent Chellenger турнирі: Янник Ханфманн - чемпион!

ERNUR.KZ. Шымкентте бір жеті жалғасқан Shymkent Chellenger турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ақтық сайысында германиялық Янник Ханфманн мен доминикалық Роберто Сид кортқа шықты. Бірінші сетте тайбрек ойнатылып, онда Ханфманн жеңіске жетті. Екінші сетте Роберто Сид ырымшыл теннисші екенін көрсетіп, қызыл жейдесін басқа түске ауыстырып шықты. Бұл оны жеңіске жетелеген сыңайлы, ол таразы басын теңестірді. Есеп - 6:4.

Сид соңғы шешуші сетте ақ жидемен ойнауға бел буды. Қарсыласы Ханфманнның шаршағаны да белгілі болды. Бірақ, неміс теннисші өзінде жеңіске деген күш таба алды - 6:2. Ойын жалпы 2 сағат 9 минутқа жалғасып Янник Ханфманн турнирдің жеңімпазы атанды.

Теннисшілер енді келесі аптада Алматыда өтетін ATP турнирінде бақ сынайтын болады.