ШЫМКЕНТ: Көркем гимнастикадан спорттық ойындар өз мәресіне жетті

0
2 918

Шымкент құрама командасы ІІ орынды иеленді.


ШЫМКЕНТ:  Көркем гимнастикадан спорттық ойындар өз мәресіне жетті

Шымкент қаласында 9-15 наурыз аралығында ұйымдастырылған респубикалық жарысқа 300 спортшы қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сайыс қалалық көркем гимнастика спорт залында өткізілді.

Жалпы командалық есепте Шымкент құрама командасы ІІ орынды иеленіп, 16 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 4 алтын, 5 күміс және 7 қола медальға ие болды. Нұр-Сұлтан қаласының құрама командасы І-ші орынды иеленді. Елордалық спортшылардың қоржынында 18 алтын, 8 күміс және 5 қола медаль бар. Ал Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы 9 медаль жеңіп алып, III орынды иеленді. Оның ішінде 6 күміс және 3 қола медаль.