Шымкентте еркін күрестен республикалық турнир өтіп жатыр

0
502

Еркін күрестен республикалық ашық турнир 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында өтуде.


Шымкентте еркін күрестен республикалық турнир өтіп жатыр

Шымкент қаласында еркін күрестен республикалық ашық турнир басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Турнир «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» және «Қазақ халқының даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына» арналып отыр.
Еркін күрестен республикалық ашық турнир 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында өтуде.
Дүбірлі дода 8-11 маусым аралығына жоспарланған. Аталған сында еліміздің барлық өңірінен 18 команда, жалпы 360 спортшы бақ сынайды.
Жарыс барлық карантин талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.