Шымкентте көркем гимнастикадан ашық турнир басталды

0
1 866

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында көркем гимнастикадан жастар және жасөспірімдер арасында «NAURYZ CUP» ашық турнирі өтіп жатыр,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жарысқа қазақстандық спортышылармен бірге Өзбекстан мен Қырғызстаннан жалпы 450 ге жуық спортшылар келген. Турнирдің ашылу салтанатында Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Намазбай Әбдіқұлов гимнасттарға сәттілік тіледі. Айтулы жарыс сәуір айында Астанада өтетін Қазақстан чемпионатына іріктеу турнирі ретінде ұйымдастырылып отыр.

Сайыстың бірінші күнінде жас ерекшелігі бойынща спортшылар кіл мықтыны анықтады. Ал, іріктеу кезеңінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп жеңімпаз болған бүлдіршіндерге медалдар мен алғыс хаттары табысталды.