Шымкентте садақ атудан гран при мәресіне жетті

0
1 973

Ерлер арасында облысымыздың спортшысы Әкбаралі Қарабаевқа тең келетін қарсылас табылмады. Кейінгі орындарды Батыс Қазақстан облысының өкілі Константин Солодовников пен Алматы облысынан келген Сергей Христич еншіледі.


Шымкентте садақ атудан гран при мәресіне жетті

ERNUR.KZ. 30 наурыз 5 сәуір аралығында Шымкентте садақ атудан гран при өтті.

Қорғасынды жебе атуда Алматы облысынан келген Диана Макарчук жеңімпаз атанды. 2-орынды Оңтүстік Қазақстан облысының мергені Айдана Мұхтарханова иеленді. Жоғары үштікті алматылық Виктория Лян түйіндеді.

Ерлер арасында облысымыздың спортшысы Әкбаралі Қарабаевқа тең келетін қарсылас табылмады. Кейінгі орындарды Батыс Қазақстан облысының өкілі Константин Солодовников пен Алматы облысынан келген Сергей Христич еншіледі.

Жарысқа, Қазақстан құрама командасы мергендері де қатысқан болатын. Санжар Мұсаев сайысты 3-орынмен аяқтады.

Құрама команданың спортшылары енді сәуір айының соңында Шанхайда өтетін әлем кубогында бақ сынайтын болады.