Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтіп жатыр

0
800

Сайыстың жалпы жүлде қоры - 2 880 000 теңге.


Шымкентте шахматтан жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтіп жатыр

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шымкентте алғаш рет шахматтан 8-18 жастағы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сайысты Шымкент қаласы әкімдігі мен Қазақстан шахмат федерациясы бірлесіп ұйымдастырды.
«Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін қалыптастыру аясында қолға алынған спорттық сайыс 2021 жылдың шілде айының 20-30 жұлдызы аралығында өтеді.
«Қош келдің, чемпион» атты шахмат турнирінің мақсаты - халықаралық шахмат аренасында Қазақстанның оң имиджін қалыптасыра отырып, Шымкентті зияткерлік шаһарға айналдыру. Сондай-ақ, шахматтан жаңа таланттарды анықтау.
Жарысқа "Black Rock Business" ЖШС және Air Astana, Allur Auto, Сарыарқа АвтоПром, AIFC компаниялары демеушілік етуде.
Сайыстың жалпы жүлде қоры - 2 880 000 теңге. Жеңімпаздар шахматтан әлем және Азия чемпионаттарының жолдамасына ие болмақ.
Ел чемпионаты барлық санитарлық талаптарға сәйкес ұйымдастырылып отыр.