Шымкентте стенд атудан Қазақстан кубогының бірінші кезеңі аяқталды

0
1 153

​Шымкенттегі «Элдорадо» спорт кешенінде стенд атудан Қазақстан кубогының бірінші кезеңі аяқталды. Додаға еліміздің барлық өңірінен 110 ға жуық спортшылар келді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Шымкентте стенд атудан Қазақстан кубогының бірінші кезеңі аяқталды

Шымкенттегі «Элдорадо» спорт кешенінде стенд атудан Қазақстан кубогының бірінші кезеңі аяқталды. Додаға еліміздің барлық өңірінен 110 ға жуық спортшылар келді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жарыс қортындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының мергендері 3 - орынды місе тұтты. Облыс спортшылары 3 алтын, 3 күміс, 6 қола жеңіп алды. 4 алтын, 2 күміс, 4 қола медалін қоржынына түсірген Қызылорда облысының командасы екінші орынды иеленді, Ал, 6 алтын, 3 күміс, 1 қола жалпы 10 медалді жеңіп алған Алматы қаласының спортшылары Қазақстан кубогының алғашқы кезеңінде жеңімпаз атанды.